
Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Асхат Тағыберген Солтүстік Македониға қарсы өткен ойыннан кейін құрамадан кететінін айтты.
- Команданы қайта жаңарту бірден бола қоймайды. Оған ұзақ уақыт қажет. Міне, бүгін осы қадамды капитанымыз Асхат Тағыберген жасап, ұлттық құрамадан кететіндігін мәлімдеді. Бұл үлкен батылдықты қажет ететін шешім. Футболды түсінетіндер спортпен қоштасу қаншалықты қиын екенін біледі. Бірақ оның қолынан келді. Асхат жаттығу бөлмесінде өз ойын айтып, жастарға жол беретіндігін жеткізді. Әрине, жеңіліспен кету жақсы емес”, – деді бас бапкер Әли Әлиев.
Айта кетейік, 34 жастағы футболшы Қазақстан құрамасында 63 матч өткізіп, 3 гол соғып, 7 нәтижелі пас берген. Ол Данияға қарсы ойында алыстан соққы жасап, жеңіс әперген голымен көрермендердің есінде қалды.
Біздің серіктес: FONBET