
Солтүстік Македония құрамасының бас бапкерінің көмекшісі Роберт Стояновски Қазақстанға қарсы ойынды қорытындылады.
«Біз екі таймда екі түрлі тактика ұстандық. Бірінші таймда шабуылдауға тырысып, өз мүмкіндігімізді тиімді пайдаландық. Екінші таймда барынша есепті сақтап қалуға тырыстық. Себебі, бізде амал болмады. Бұған дейінгі Бельгиямен өткен матчта да осылай болып еді. Бұл футбол. Әрдайым жасыл алаңда жақсы ойнаған команда жеңе бермейді. Уэльс пен Бельгияға қарсы кездесуде де соңғы минуттарда есепті теңестіріп едік. Осы жолы да сәттілік біздің жақта болды.
Жасыл алаңға футболшыларымыз үйрене алмай, шаршап қалып жатты. Бұл тығырықтан шығу үшін, допты алға асыруды жөн көрдік. Ойлаған дүниелеріміз жүзеге асты. Қазақстанға алдағы ойында сәттілік тілейміз», - деді Роберт Стояновски.
Айта кетейік, Қазақстан мен Солтүстік Македония арасындағы ойын 0:1 есебімен қонақтардың пайдасына шешілді.
Біздің серіктес: FONBET