
2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстан өз алаңында Солтүстік Македонияға есе жіберді
Бірінші таймда қазақстандықтар шабуылда белсенді болды. Негізгі құрамда шыққан Ғалымжан Кенжебектің алға деген ұмтылысы көпшіліктің көңілінен шықты. Алайда қонақтар аз шабуылдаса да, өз мүмкіндіктерін қалт жібермей, 33-минутта алға шықты. Гол авторы - Александр Трайковски.
Екінші таймда да Қазақстан құрамасы шабуылдауды жалғастырды. Максим Самородовтың соққысы маңдайшаға тисе, қосалқы құрамнан шыққан Дастан Сәтпаевтың добы бағанағадан қайтты. Қазақстан 90 минут бойы алға ентелегенімен қонақтар қақпасынан саңылау таба алмады.
Бұл ойынды 27 694 жанкүйер стадионнан тамашалады.
Қазақстан — Солтүстік Македония 0:1 (0:1)
Гол: Трайковски 33 (0:1)
Енді Қазақстан құрамасы келесі ойынын 4 қыркүйек күні Уэльсқа қарсы өз алаңында өткізеді.
Біздің серіктес: FONBET