«Челси» жанкүйерлерінің таңдауы Дастан Сәтпаев. Олар «Олимпиакостың» шабуылшысынан қазақстандық талантты жоғары қоюуда

09.06.2025, 17:53

Лондондық «Челси» фанаттары клубтың жас футболшыларды сатып алуға қатысты саясатына қарсылық білдіруде.

«Челси» жанкүйерлерінің таңдауы Дастан Сәтпаев. Олар «Олимпиакостың» шабуылшысынан қазақстандық талантты жоғары қоюуда
Дастан Сәтпаев Қазақстан құрамасының жаттығуында

Дәлірек айтқанда, ағылшындық фанаттар «Олимпиакостың» шабуылшысы Хараламбос Костуластың трансферіне үдере түре келген – лондондық клуб 18 жасар грекиялық үшін 47 миллион еуро беруге дайын екенін білдірген. Алайда, «Челсидің» жанкүйерлері мұндай қымбат трансферді тиімсіз деп тапты.   

«18 жасар шабуылшы үшін  47 миллион? Тек қана «Челсиге» емес. Біз мұндай үшін күреспейміз. Дастан Сәтпаев алдағы екі жылда-ақ мықты болып шығуы ықтимал», - делінген «Челсидің» Х желісіндегі ең ірі жанкүйерлік қауымдастығының жазбасында.

Айта кетейік, Дастан Сәтпаев осы жылдың ақпанында «Челсимен» келісімшартқа отырды. 16 жасар шабуылшы «ақсүйектер» сапына 2026-жылы кәмелетке толғанда барып қосылмақ. Оған дейін алматылық «Қайрат» намысын қорғайды. Дастан ҚПЛ-2025-тің 12 кездесуіне қатысып, 8 гол мен 3 ассисттің авторы атанды.   

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×