
"Оқжетпестің" баспасөз қызметінің мәліметінше, команда көшбасшыларының бірі Аслан Дарабаев клубтан кетті. Ойыншының келісімшарт мерзімі аяқталған.
36 жастағы тәжірибелі жартылай қорғаушы "Оқжетпес” сапында 12 ресми матчқа қатысып, 1 нәтижелі пас берген.
Аслан Дарабаев Қазақстан футболының танымал есімдерінің бірі. Ол өз мансабында бірнеше Қазақстандық клубтарда өнер көрсетіп, ұлттық құраманың да жейдесін киген. Оның болашақта қандай жоспарлары бар екені әзірге белгісіз.
Біздің серіктес: FONBET