
Түркістандық "Тұран" клубының су жаңа ойыншысы Бақдәулет Зұлфиқаров командадағы қайта құру мен бірнеше легионердің кетуі туралы пікір білдірді. Ол бұл өзгерісті жаңа заңның қабылдануымен түсіндіруге болатынын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Легионерлер кеткеннен кейін бапкерлер құрамы жаңа команда жасақтады. Қазіргі құрамда тек Қазақстандық ойыншылар бар және біз әзірге екі матч өткіздік. Командада бірдеңе ерекше болып жатыр деп ойламаймын, себебі легионерлерге қатысты заң қабылданды, енді көптеген клубтар жергілікті ойыншылармен ойнауға көшеді. Облыс басшылығы “Тұранды” Қазақстан премьер лигасында сақтап қалу және қазірден бастап тек Қазақстандықтармен ойнау міндетін қойды. Біз осы мақсатқа жету үшін бар күшімізді саламыз.
"Қайсар?” Мен ол жақтағы көптеген жергілікті ойыншыларды танимын. Олар алаңда барын салып, құрамында шетелдік ойыншылар көп клубтардан ұпай алып жүр. Мысалы, олар "Тобыл” , "Астана” және "Қайратпен” өткен матчтарда ұпай еншіледі. Сондықтан ештеңе мүмкін емес деп айта алмаймын.” – деді ол.
Айта кетейік, 24 жастағы шабуылшы маусымның алғашқы жартысын "Атырау” сапында өткізді. 2025 жылы барлық турнирде 11 матчқа қатысқанымен, нәтижелі әрекетімен көзге түспеген.
Біздің серіктес: FONBET