Поляктар бәз баяғы әдетіне басты

"Ақтөбе" командасының ойыншысы Идрис Умаев Ресей азаматы болғаны үшін Польша шекарасына өте алмайтын болды.

Поляктар бәз баяғы әдетіне басты

10-нан 11 шілдеге қараған түні “Ақтөбе” Варшавада жергілікті “Легиямен” кездеседі. Алайда қазақстандық клуб сапынан аталмыш ойынға шабуылшы Идрис Умаев қатыспай қалудың алдында тұр. Футболшы Польша шекарасына кіру үшін виза ала алмай жатыр екен. Жергілікті билік Умаевтың орыс азаматы екенін алға тартып, оның Варшаваға кіруіне тікелей тыйым салыпты. 

Әзірге Қазақстандық тарап УЕФА-ға хат жолдап, жағдайдың шешілуіне нақты әрекеттер жасаған жоқ. 

Айта кетейік, осыдан бір жыл бұрын “Хапоэльде” ойнаған Магомед Шапи-Сулейманов дәл осы Умаев секілді шекарадан өте алмай өз командасының “Лех” клубына қарсы кездесуінен шет қалған болатын. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

Ақтөбе ФК
Aladop Youtube
×