
Ел чемпионы атанған "Қайраттың" Чемпиондар лигасындағы қарсыласы жайлы мәліметті ұсынамыз.
Словенияның астанасы Любляна қаласының «Олимпия» футбол клубы 1945 жылы, Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін құрылған болатын.
Югославия чемпионатында «Олимпия» словен футболының ең ірі жобасына айналды. Команда «Црвена Звезда», «Партизан», «Динамо Загреб» сынды алпауыттармен тең дәрежеде күресіп, еурокубоктық жарыстарға да қатысып тұрды.
Алайда 1991 жылы Югославия ыдырап, Словения өз тәуелсіздігін алғаннан кейін, елдің футбол құрылымында да өзгерістер басталды. Салдарынан командада қаржылық қиындықтар тереңдей түсті. 2000 жылдардың басында клубтың қарызы үш миллион еуроға жетті. Осыған байланысты, 2005 жылы «Олимпия» ресми түрде таратылды.
Жаңадан құрылған клуб
2005 жылы тарих сахнасынан кеткен соң, «Олимпия» атымен жаңа клуб құрылып, жолын Словенияның бесінші лигасынан бастады. Бірақ жаңа команданың амбициясы зор болды – және ол өз мақсаттарына жылдам жете бастады.
Бар-жоғы 20 жылда жаңадан құрылған «Олимпия» бұрынғы ұжымның жетістіктеріне дерлік теңесіп үлгерді. Қазіргі команданың қоржынында 4 ел чемпионы атағы, 4 ел кубогы мен 1 ел Суперкубогы бар.
Ішкі біріншіліктегі тұрақты жетістіктердің арқасында «Олимпия» Еуропа аренасынан жиі шығатын клубқа айналды. 2023/24 жылғы маусымы «Олимпияның» еурокубоктардағы ең табысты кезеңі болды. Команда Конференциялар Лигасының негізгі кезеңінде жақсы нәтиже көрсетіп, жалпы турнирлік кестеде 14-орынға тұрақтады және 1/16 финалға жолдама алды.
Плей-офф кезеңінде Босниялық «Баня-Лукамен» кездесіп, екі матчта да жеңіске жете алмады (0:0, 0:1). Осылайша, клуб өзінің тарихындағы ең үздік еуромаусымын аяқтады.
Словения мен Қазақстан клубтары кездескен бе?
Қазақстан мен Словения чемпионатының клубтарының жолы екі мәрте түйісіп үлгерген. 2011 жылы «Шахтер» клубы Еуропа лигасының іріктеу кезеңінде «Коперден» (3:2) айласын асырса, 2015 жылы «Астана» Чемпиондар лигасында «Марибордан» (3:2) өтіп кетті. Енді араға 10 жыл салып, қос елдің клубтары қайта өзара мықтыны анықтамақ.
Біздің серіктес: FONBET