Ресейге қайтып оралғанын өзі де байқамай қалды-ау?

Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Бақтиер Зайнутдинов мансабын Ресей елінде жалғастыруы мүмкін.

Ресейге қайтып оралғанын өзі де байқамай қалды-ау?

27 жастағы хавбэк мәскеулік Динамоға ауысуға өз келісімін беріпті. Ендігі кезекте қос клуб Зайнутдиновтың трансфер құнына келіссөздер жүргізеді. Жалпы түрік ұжымы өз жартылай қорғаушысы үшін 4,5 млн еуро алғысы келеді. Еске салсақ, 2023 жылы “Бешикташ” дәл осы бағаға Бақтиерды ЦСКА-дан сатып алған болатын. 

2024/25 жылғы маусымда отандасымыз “Бешикташ” сапында 12 ойын өткізіп, 1 голдық пас берді. Бақтиердің “қырандар” командасындағы келісім шарты 2027 жылға дейін жарамды. 

Айта кетейік, бұл клубта Джованни ван Бронгхост бапкер болып тұрғанда, Зайнутдиновке петерборлық “Зенит” қызығушылық білдірген болатын. Алайда қазақстандық жартылай қорғаушы Ресейге қайтуға үзілді-кесілді қарсы болады. Енді міне арада тура бір жыл өткен соң Бақтиер мәскеулік “Динамоға” ауысып жатыр. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×