15-тур: «Тобылдың» жеңіліссіз сериясы тоқтай ма?

05.07.2025, 14:24

Бүгін Қазақстан Премьер-лигасының 15-турының екінші ойын күні өтеді.

15-тур: «Тобылдың» жеңіліссіз сериясы тоқтай ма?

«Қызылжар» (Петропавл) – «Ордабасы» (Шымкент)

Басталуы: 18:00

Қарасай стадионы (Петропавл)

– «Қызылжардың» жеңістері: 18

– «Ордабасының» жеңістері: 18

– Тең ойындар: 9

Тур өткен сайын «Ордабасының» жағдайы қиындап, жанкүйерлердің наразылығы артып барады. Көпшілік шымкенттіктерден жүлде күтетіні анық. Алайда олар турнир кестесінің ортасында келе жатыр. Ел чемпионатынан бөлек, алдағы аптада Конференция лигасының ойыны да бар. Командалар 10 күн бұрын ғана дәл осы алаңда жолығып, 0:0 есебімен тең тарқасқан. Бірақ ішкі біріншілкте тең есеп қос ұжымды да қанағаттандырмайды. Кімнің минимальді жеңісіне куә болады екенбіз? Әлде «Қызылжар» кезекті рет сенсация авторы атана ма?

 

«Жеңіс» (Астана) – «Ұлытау» (Жезқазған)

Басталуы: 18:00

Астана Арена (Астана)

– Жеңістер: 0–0

– Тең ойын: 1

Қос ұжым да бірінші айналымның соңғы бөлігін өте сәтті өткізіп, ұшу аймағынан шыға алды. Алайда қауіп әлі толықтай сейілмеді. Турнир кестесіндегі шамалас командалардың қай жеңгені бәсекелесінен озуға мүмкіндік бермек. Ұлытауға» жаңадан келген бас бапкер Нұркен Мазбаевтың дебюті қалай болмақ? Әлде «Жеңіс» жеңіліссіз сериясын одан әрі жалғастыра ма? Командалардың бірінші айналымындағы тең есеппен аяқталған.

 

«Ақтөбе» (Ақтөбе) – «Атырау» (Атырау)

Басталуы: 20:00

Қобыланды батыр стадионы (Ақтөбе)

– «Ақтөбенің» жеңістері: 39

– «Атыраудың» жеңістері: 11

– Тең ойындар: 17

«Батыс дербиі» турнир кестесіне қарамайды. Олардың арасы өте алшақ болса да, соңына дейін барын салады. Бірінші айналымда ақтөбеліктер 0:4 есебімен ірі жеңіске жеткенімен, екінші айналымдағы қарсылас мүлдем басқа болмақ. Себебі, бас бапкер мен көптеген футболшылар алмасты. «Мұнайшылар» енді ұпай үлестіретін емес, ұпай жыратын клубтың біріне айналып, ұшу аймағынан шығуды көздейді. «Ақтөбе» оған мүмкіндік берер ме екен? «Қобыланды Батыр» атындағы стадионындағы кейінгі 2 ойын тең есеппен аяқталған.

 

«Елімай» (Семей) – «Тобыл» (Қостанай)

Басталуы: 20:00

«Спартак» стадионы (Семей)

– «Елімайдың» жеңістері: 1

– «Тобылдың» жеңістері: 1

– Тең ойын: 1

Осы турдың басты ойыны. Семей қаласындағы әрбір ойын жанкүйерлерге эмоция сылайтыны сөзсіз. Букмекерлер бұл матчта нақты фаворитті айта алмады. Бірақ қостанайлықтардың аздаған басымдығы бар. Өйткені олар кейінгі 9 матч бойы ешкімнен жеңілмеуде. Ал алаң иелері кейінгі 2 ойында қарсыластарынан басым түсіп келеді. Бірінші айналымда командалар тең тарқасқан болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×