
«Жеңіс» жаңа бапкерінің басшылығымен соңғы үш турда 6 ұпай еншілеп, турнирлік кестедегі жағдайын кәдімгідей түзеді.
Соңғы турда тіпті «Тобылдан» ұпай тартып алғанын да ерекше атап өту керек 2:2. Андрей Демченконың командасы 14 ойыннан кейін 14 ұпаймен тоғызыншы орынға табан тіреген. Егер бүгін алаң иелері жеңіске жетіп жатса, бір саты жоғары орналасқан «Қызыл-Жарды» артқа тастап, «Ордабасыға» бір табан жақындай түседі. Жалпы, турнирлік кестенің екінші жартысындағы командалар арасындағы ұпай айырмасы өте тығыз, сондықтан, қазір олар үшін әрбір матч маңызды деуге болады.
Жезқазғандық клубта да бапкерлік ауыс-түйіс - Иван Азовский кетіп, орнына Нұркен Мазбаев келді. «Таразды» Бірінші лигадан жоғары дивизионға шығарған маман «Ұлытауды» да ұшпаққа шығара ала ма? Жезқазғандық клуб соңғы бес турда жаман нәтиже көрсеткен жоқ - қатарынан 3 жеңіс пен бір тең нәтиже. Тек өткен жолы өз алаңында «Жетісудан» жеңілгені болмаса, «Ұлытау» көшке ілесіп қалғандай көрінеді.
Бұл кездесуде екі команда да гол салады деп топшылаймыз. Fonbet.kz бұған 2 коэффициент береді.
Біздің серіктес: FONBET