Алмас Құлшынбаев: Словения чемпионаты біздікінен мықты деп айта алмаймын

05.07.2025, 13:41

Қазақстандық танымал бапкер Алмас Құлшынбаев «Аладоп.кз» сайтына ЧЛ-ның бірінші іріктеу кезеңіндегі «Олимпия» Любляна - «Қайрат» жұбының жеңімпазына қатысты пікірін айтып, болжамымен бөлісті.

Алмас Құлшынбаев: Словения чемпионаты біздікінен мықты деп айта алмаймын
«Атырау» - «Қайрат» кездесуі

Қос команда 8-шілдеде Словенияда, 15-шілдеде Алматыда кездеседі. 

«Жалпы, Словения чемпионаты біздікінен мықты деп айта алмаймын. Құрама командалары жағынан келсек, әрине басқа әңгіме. Словениялықтар жоғары деңгейлі лигаларда өнер көрсетеді. Мен «Олимпияның» шынайы күшін білмейді екенмін, сол үшін мұндағы мүмкіндікті 50 де 50 пайыз деген дұрыс шығар. Келесі кезеңге шығуға әр команданың да мүмкіндігі бар. Қалай дегенде де, «Қайраттың» жеңіске жететін мүмкіндігі мол», - деді А. Құлшынбаев.

Кеше алматылық клуб ҚПЛ-дің 15-турының аясында түркістанның «Тұранын» қабылдап, 4:0-мен жеңіске жетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 17
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×