“Барселона” қаржылық ережелерді бұзғаны үшін €15+45 миллион айыппұл төлеуге міндеттелді

05.07.2025, 15:30

2023 және 2024 жылдардағы қаржылық есептерді тексеру нәтижесінде "Барселонаның" тұрақты қаржылық жағдайға қатысты бірқатар бұзушылықтары анықталды. Осыған байланысты УЕФА каталондық клубты €15 миллион көлемінде айыппұлмен жазалады, ал қосымша €45 миллион шартты айыппұл ретінде белгіленді. Бұл туралы УЕФА-ның ресми сайтында хабарланды.

“Барселона” қаржылық ережелерді бұзғаны үшін €15+45 миллион айыппұл төлеуге міндеттелді

УЕФА барлық санкцияға іліккен клубтар үшін, соның ішінде “Каталондықтар" үшін де басты мақсат есептік кезеңнің соңына дейін футболдан түскен табысты бөлудің жаңа ережелеріне толықтай сәйкес болу керек екенін атап өтті. Бұл талаптар 2026/27 маусымынан бастап екі жылдық, 2027/28 маусымынан бастап үш жылдық есептік кезеңдерге негізделіп қолданылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×