Канселу мен Невеш Жотаны еске алу кезінде көз жастарына ерік берді

05.07.2025, 14:30

"Аль-Хиляль” футболшылары Жоау Канселу мен Рубен Невеш Испанияда жол апатынан қаза тапқан жерлестері, Португалия құрамасы мен “Ливерпуль” шабуылшысы Диогу Жотаны еске алу үшін жарияланған үнсіздік минутында көз жасын тыя алмады. Бұл қайғылы апатта Жотаның інісі Андре Силва да қаза тапқан болатын.

Канселу мен Невеш Жотаны еске алу кезінде көз жастарына ерік берді

28 жастағы Жота “Ливерпульге” 2020 жылдың қыркүйегінде “Вулверхэмптоннан” ауысып келген. Осы уақыт аралығында ол барлық турнирде 182 ойын өткізіп, 65 гол соғып, 26 нәтижелі пас берген. “Ливерпуль” сапында ол Англия чемпионатын, Англия кубогын және екі мәрте Англия лигасының кубогын жеңіп алды. Сонымен қатар, Португалия құрамасымен бірге екі рет Ұлттар лигасының жеңімпазы атанған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 13
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Масқара 1
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×