Джонатан Дэвид “Ювентус” ойыншысы атанды

05.07.2025, 13:30

“Ювентус” Канадалық шабуылшы Джонатан Дэвидпен келісімшартқа отырғанын жариялады. Джонатан Италиялық клубтың намысын 2030 жылдың 30 маусымына дейін қорғайды.

Джонатан Дэвид “Ювентус” ойыншысы атанды

Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдары 25 жастағы шабуылшының жылдық жалақысы €6 миллионды құрайтынын хабарлаған болатын.

Дэвидтің соңғы клубы Францияның “Лилль” командасы, онымен жасалған келісімшарт 1 шілдеде аяқталған. Ол Француз командасының сапында 2020 жылдан бері ойнап келген. Өткен маусымда Канадалық футболшы барлық турнирде 49 матчқа қатысып, 25 гол соғып, 12 нәтижелі пас берген.

Transfermarkt порталының мәліметінше, ойыншының нарықтық құны €45 миллион.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 2
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×