Нико Уильямс “Атлетик Бильбао” клубымен 2035 жылға дейін келісімшартын ұзартты. Оны “Барселона” алуға өте жақын болған

05.07.2025, 12:30

Нико Уильямс келісімшартын 2035 жылға дейін ұзартты, деп хабарлады команданың баспасөз қызметі. Бұған дейінгі келісімшарт мерзімі 2027 жылдың жазы аяқталғанға дейін жарамды болған.

Нико Уильямс “Атлетик Бильбао” клубымен 2035 жылға дейін келісімшартын ұзартты. Оны “Барселона” алуға өте жақын болған

“Шешім қабылдау кезінде мен үшін ең маңыздысы жүрегімді тыңдау. Мен дәл осы жерде болғым келеді, жақындарымның жанында. Бұл – менің үйім. Алға, “Атлетик!” – деді Нико.

Айта кетейік, бұған дейін “Барселона” Нико Уильямсты өз қатарына қосу үшін келіссөздердің соңғы кезеңіне жеткені жайлы хабарланған еді. Каталондық клуб тіпті жақын арада трансферді ресми жариялаймыз деп сенген.

Өткен маусымда Уильямс барлық турнирде 45 ойын өткізіп, 11 гол соғып, 7 нәтижелі пас берген. Transfermarkt оның нарықтық бағасын 70 миллион еуро деп бағалап отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×