Диогу Жотаның ұшақпен ұшпаған себебі анықталды

05.07.2025, 11:30

28 жастағы Португалиялық футболшы Диогу Жота мен оның інісі Андре Силва Испания жолында көлік апатына ұшырап, екеуі де оқиға орнында қаза тапқан қайғылы жағдай футбол әлемін күйзелтті.

Диогу Жотаның ұшақпен ұшпаған себебі анықталды

Осыған байланысты көпшілік “Неліктен Жота Португалиядан Англияға ұшақпен емес, көлікпен жол тартты?” деген сұраққа жауап іздеген болатын. Бұл сұрақтың жауабы енді белгілі болды.

Диогу Жота жасыл түсті Lamborghini көлігімен Испания аумағында келе жатқанда, басқа көлікті басып озу кезінде дөңгелегі ұшып кетіп, жолдан шығып, аунаған бойда жарылып кеткенін Испаниялық полиция мәлімдеді. Жота Португалияның Порту қаласынан шығып, Испания арқылы өтіп, ары қарай Англияға пароммен жетуді жоспарлаған екен. Ол дүйсенбі күні “Ливерпуль” клубының маусым алдындағы жаттығуына қатысуы тиіс болған.

Ол неге тікелей ұшақпен ұшпаған дегенге келсек, Жота жуырда шағын өкпе операциясын өткерген және дәрігерлер оған ұшақпен ұшуға болмайтынын, жермен немесе сумен жүруді ұсынған.

Айта кетейік, Жота 6 маусымда сүйіктісімен үйлену тойын өткізу үшін Португалияға да дәл осылай су және жер жолымен барған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Масқара 1
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×