«Елімай» - «Тобыл» кездесуіне болжам

05.07.2025, 10:49

Алаң иелері бүгін жеңіске жетсе қостанайлықтарға жақындай түседі.

«Елімай» - «Тобыл» кездесуіне болжам
«Елімай» жартылай қорғаушысы Ғалымжан Кенжебек

Қазір екі команданың арасын небары 4 ұпай бөліп тұр. Андрей Карповичтің шәкірттері соңғы кезде жемісті ойнап жүр -  кейінгі үш матчта 7 ұпай алды. Семейлік клуб пен «Тобыл» бірінші айналымда тең тарқасқан болатын 1:1. Енді бүгін қос клуб «Спартакта» шеберлік байқасады. Жалпы, «Елімай» өз алаңында нәтижелі ойнайды. Биыл біраз ұпайды Семейде қанжығалаған еді. Бүгін де жергілікті жанкүйерлерінің алдында алаң иелері тиімді нәтиже тіркеуге тырысады. 

Қостанайлық команда бүгін үштіктегі «Ақтөбеге» жақындап, өкшелеп қалған «Елімайдан» ұзап шығуды ойлайды. Аса қиын миссия емес, әсіресе қонақтардың соңғы кездегі қарқынын ескерсек. Нұрбол Жұмасқалиевтің жаттықтыруымен «комбайншылар» соңғы алты матчта жеңіліс көрмей келеді. Сондай-ақ, қостанайлық клубта алғашқы үштіктегі қарсыластарына қарағанда артық екі кездесуі бар екенін айта кету керек. Демек,«Тобыл» алдағы турларда көш бастап қалуы ғажап емес. 

Кездесуде бірінші тайм тоталы 1-ден көп болуы тиіс. Fonbet.kz-те бұл нұсқаға 2.10 коэффициенті беріледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×