«Қызыл-Жар» - «Ордабасы» кездесуіне болжам

05.07.2025, 09:22

Милич Чурчичтің командасы қатарынан төртінші турда фавориттермен жолыққалы тұр.

«Қызыл-Жар» - «Ордабасы» кездесуіне болжам
«Ордабасы» футболшылары «Қызыл-Жармен» ойынға дайындалуда

Осының алдында «Ақтөбемен» 1:1 және «Астанамен» 3:3 тең тарқасса, «Қайраттан» ұтылған болатын 0:1. Енді бүгін «Ордабасыға» қарсы тұрады. Қос клуб көршілес орналасқан. Өткен турдағы тартысты матчта «Астанаға» дес беріп, ұпай бөліскен петропавлдық футболшылар бүгінгі ойынды көтеріңкі көңіл-күйде бастайтын шығар. Жалпы, Қарасай батыр атындағы алаңда ешбір командаға оңай болмайды. Андрей Мартин жаттықтыратын шымкенттік ұжымға да оңай соқпайын деп тұр. 

«Ордабасы» да соңғы турлардың бірінде «Қайраттан» жеңілген 0:1. Бірақ, оның алдындағы «Оқжетпестен» басым түсіп 1:0, сырт алаңда «Елімаймен» ұпай бөліскен сәтті ойындары да болды 1:1. Бірінші айналымның басындағы сәтсіз кезеңнен соң команда ойыны ақырындап болсын тұрақталып қалғандай. Бұл әсіресе, Конференциялар Лигасының қарсаңында өте маңызды болып отыр. Шымкенттіктер турнирдің бірінші іріктеу кезеңінде грузияның «Торпедо» Кутаиси командасына қарсы тұрады. 

«Қызыл-Жар» - «Ордабасы» матчында екінші тайм тоталы 1-ден көп болады деп болжаймыз. Fonbet. kz бұған 1.73 коэффициентімен бәс тігуге болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 2
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×