«Қайрат» ірі жеңіске жетті

04.07.2025, 22:03

Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 15-турында алматылық «Қайрат» Түркістанның «Тұранын» ірі есеппен жеңді.

«Қайрат» ірі жеңіске жетті

Ойын басынан-ақ алаң иелері толық үстемдікке ие болды. Көптеген шабуылдардың бірінде 30-минутта бразилиялық жаңа ойыншы Рикардиньо айып алаңындағы қарбаласта есеп ашты. Бұл оның Қазақстандағы алғашқы голы. Араға сегіз минут салып, Юг Станоев қарсылас қорғаушысы Тимурбек Закировтың қатесін ұтымды пайдаланып, есепті еселей түсті — 2:0.

Екінші таймда «Қайрат» қарқынын бәсеңдеткенімен, шабуылда тиімді ойнауын жалғастырды. Нәтижесінде, жас шабуылшы Рамазан Бағдат 75 және 83-минуттарда қос гол салып, дубль авторы атанды. Бұл оның кәсіби мансабындағы ең сәтті ойындардың бірі болды.

 

«Қайрат» — «Тұран» 4:0 (2:0)
Голдар:
 Рикардиньо 30 (1:0), Станоев 38 (2:0), Бағдат 75 (3:0), Бағдат 83 (4:0)

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×