
"Монако" сапына жуырда ғана қосылған Поль Погба БАҚ тарапынан болатын қысымға деген көзқарасы жайлы пікір білдірді.
"16 жасымда "Гавр” клубынан кеткен кезден бастап, мен әрдайым қысым астында болдым. Қазір мен оған әбден үйреніп кеттім. Футболшы үшін сыртқы қысым өмірдің бір бөлігі. Кәсіби деңгейде ойнау бұл тек жеңістерден кейінгі мақтауларды ғана емес, жеңілістерден кейінгі сындарды да қабылдауды білдіреді. Мен ешқандай қысымды сезініп тұрған жоқпын, себебі бұған дейін менің футболға қайта оралу мүмкіндігімнің өзі белгісіз еді. Сондықтан қазір мен үшін қысым жоқ. Мен тамаша клубқа ауыстым, жанымда мықты ойыншылар бар. Мұның бәріне қол жеткізуге көмектескен адамдарға ризашылығым шексіз." – деді Погба.
Поль Погба бұған дейін "Манчестер Юнайтед” пен "Ювентус” клубтарында өнер көрсеткен. Ол Еуропа лигасының жеңімпазы, Италияның төрт дүркін чемпионы, Италия Кубогының екі мәрте иегері және үш рет Италия Суперкубогының жеңімпазы атанған. Сондай-ақ, Франция құрамасымен 2018 жылы Ресейде өткен әлем чемпионатының жеңімпазы, Ұлттар лигасының иегері және Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері.
Біздің серіктес: FONBET