ESPN журналисі Мессидің болашағы туралы ақпаратпен бөлісті. Лео 2026 жылғы ӘЧ-на қатысқысы келеді

04.07.2025, 21:00

ESPN, Todo Noticias және Radio Continental AM 590 сынды беделді БАҚ-та жұмыс істейтін Аргентиналық журналист Лео Парадисо 38 жастағы Лионель Мессидің болашағына қатысты мәліметпен бөлісті. 

ESPN журналисі Мессидің болашағы туралы ақпаратпен бөлісті. Лео 2026 жылғы ӘЧ-на қатысқысы келеді

"Лео Месси 2026 жылғы Әлем чемпионатына жақсы дайындалғысы келсе, өзін күтіп-баптап, ойын уақытын дұрыс реттеу керектігін жақсы түсінеді. Ол бұл мүмкіндікті "Интер Майами" сапында жүзеге асыра алады. Лео мундиальда ойнауды қалайды, сондықтан соңғы айларда оны жиі мазалап жүрген бұлшықет жарақаттарының қаупін арттыратын, тым тығыз матч кестесі немесе басқа да тәуекелдерге барғысы келмейді. Меніңше, ол басқа клубқа ауысқаннан гөрі "Интер Майами” клубымен келісімшартты ұзартуға әлдеқайда жақын." – дейді Парадисо аргентиналық Splendid AM 990 радиосында.

Бұған дейін Месси Сауд Арабиясының "Аль-Хиляль” клубынан өте тиімді қаржылай ұсыныс алғаны хабарланған.

2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтеді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×