
Шотландияның Daily Record басылымы Ислам Чесноковтың әр қадам бақылап отыр.
“Қазақстан құрамасының ойыншысы Ислам Чесноков «Хартс» клубына ауысуға келісім берсе де, оның трансфері төңірегіндегі жағдай әлі де өзгеруі мүмкін. Ресейдің Премьер-лигасында өнер көрсететін «Крылья Советов» футболшыны өз құрамына қосып алуды жоспарлап отыр.
Чесноков қазіргі таңда Қостанайдың «Тобыл» клубымен ойнайды және оның келісім-шарты қазан айында аяқталады. Ол Эдинбургтің «Хартс» командасымен алдын ала келісімшартқа қол қойғанымен, қос тарап арасындағы ресми келіссөздер әлі жалғасуда.
Алайда Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, «Крылья Советов» клубы Исламды «Хартс» ұсынысынан бас тартқызып, өз сапына қосуға үміттеніп отыр. Оған басты себеп — команданың қазіргі бас бапкері Магомед Адиевтің Чесноковпен бұрыннан жақсы қарым-қатынаста болуы. Адиев Қазақстан құрамасының экс-бапкері және Исламға ұлттық құрамадағы алғашқы дебютін дәл осы маман сеніп тапсырған”, – делінген басылымында.
Айта кетейік, Ислам Чесноковтың «Хартс» клубына ауысуы жайлы ақпарат 2024 жылдан бері айтылып келеді.
Біздің серіктес: FONBET