«Астана» африкалық футболшыға 1 миллион еуро көлеміндегі жалақы ұсынған? Гелор Канга туралы тың ақпарат бар

03.06.2025, 13:58

«Дядя Ваня» телеграм-арнасы Габон ұлттық құрама командасының футболшысы мен «Астана» жайлы жазба жариялады.

«Астана» африкалық футболшыға 1 миллион еуро көлеміндегі жалақы ұсынған? Гелор Канга туралы тың ақпарат бар
Гелор Канга

Танымал желіде елордалық клуб қызығушылық танытқан футболшы жайлы қызық мәліметтер келтірілген.      

«Дядя Ваняның айтуынша, сербиялық БАҚ-та «Астананың» «Црвена Звезданың» бұрынғы футболшысы Гелор Кангаға деген жауапсыз қызығушылығы жайлы материалдар ағыны жариялануда. Бұл туралы «Espreso» басылымы мынадай материал жазған еді. Бірнеше күн бұрын тәжірибелі жартылай қорғаушы Гелор Канга «Црвена Звезданың» ойыншысы саналмайтын болып, басқа клуб таңдау құқығына ие болған. «Црвена Звезданың» бұрынғы ойыншысы Гелор Кангада қазақстандық «Астанадан» жылына бір миллион еуро жалақы көлеміндегі ұсыныс түсті. Алайда, габондықтықтың Қазақстанға барғысы келмейтіні анық, ол басқа ұсыныс күтіп жүр. Әлдеқайда жоғары жалақы бере алатын әрі жоғары деңгейлі лигадан дәмелі, сол үшін Түркия мен Сауд Арабиясының клубтарын тосады. 34 жасар Канга жартылай қорғаныстың ортасында ойнайды. Бір қызығы, бұл футболшы құжаттағысынан бес жасқа үлкен болуы мүмкін. 2021-жылдың сәуірінде Конга ДР-дың Футбол федерациясы Кангаға құжатын ауыстырған деген айып тақты. Гелор Габонда 1990-жылы емес 1985-жылдың қазанында туылған және оның шын есімі Киаку-Киаку Киангана деп айыптады. Ал енді «Астана» шын мәнісінде 40-тағы футболшы үшін осынша ақша төлесе қызықтың көкесі болатын еді! Анекдоттағыдай оқиға болатын еді ғой», - делінген телеграм-арнасының жазбасында.

Айта кетейік, осыған дейін отандық БАҚ-та елордалық клубтың габондық футболшыға қызығушылығы бар, тіпті нақты ұсыныс жасады деген ақпарат тараған. Алайда, «Астана» оны жоққа шығарды. Гелор Канга Сербия Супер Лигасының 24/25-жылғы маусымында 24 кездесуде 10 рет мергендік танытты.   

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×