
ҚПЛ-дің өткен турында «Ақтөбе» - «Қайрат» арасындағы кездесуде алаң иелерінің сапында 19 жасар жартылай қорғаушы Аян Байдәулетов гол соққан болатын.
Жас футболшы осыған дейін QJ Лигада доп тепкен еді. Осыған орай «GOAL.KZ» телеграм-арнасы премьер-лигада өнер көрсетіп жүрген футболшыларға тоқталып, мынадай жазба жариялаған болатын.
«Кеше ғана QJ Лигада ойнап жүрген футболшылар, бүгінде Премьер-лигада жарқырап жүр. Өткен турда QJ Лигада ойнаған бірден үш футболшы гол соқты:
Дастан Сәтпаев (Қайрат) – 16 жас
Темірлан Мурзағалиев (Қайсар) – 18 жас
Аян Байдәулетов (Ақтөбе) – 19 жас
Бірнеше жыл бұрын 17-18 жастағы футболшының гол соғуы өте сирек болатын, ал қазір бір турда бірден 3-4 ойыншы гол соғып жатыр. Жасөспірімдер футболының өскені ме?», - делінген телеграм-арнасының жазбасында.
Аян Байдәулетов Ақтөбенің негізгі командасына дейін жастар құрамында доп тепкен. Сондай-ақ, 19 жасар ойыншының Қазақстан U 19 командасында өткізген 3 матчын да айта кету керек. Ұлттық құрама жейдесіндегі сол 3 кездесуде Аян бір голдың авторы атанған. Жартылай қорғаушының нарықтық бағасы 25 мың еуроны құрайды. Клубпен келісімшарты биылғы жылдың аяғына дейін жарамды.
Біздің серіктес: FONBET