
Алматылық «Қайраттың» намысын қорғайтын Валерий Громыко 5-маусымда болатын Беларусь – Қазақстан құрамаларының жолдастық кездесуі қарсаңында ой-пікірін ортаға салды.
Жартылай қорғаушы сондай-ақ, клубтағы командаласы Дастан Сәтпаев туралы да тоқталған болатын.
«Біз әлі Қазақстан құрамасының мықты-осал тұстарын зерттеген жоқпыз, бірақ осыған дейін көргенімнен түйгенім, онда тәп-тәуір орындаушылар жиналған. «Зениттегі» Нұралы Әліп пен «Ахматта» ойнайтын Максим Самородов секілді Ресей премьер-лигасында өнер көрсететін мықты футболшылары бар. Еуропалық командаларда ойнайтын бірнеше легионерін де айта кету керек. Қалай дегенде де бізді күрделі ойын күтіп тұрса, жанкүйерлерді ерекше бәсеке күтуде. Өйткені, қазақстандықтар қорғаныс пен шабуыл арасында жақсы қимылдайды, алғы шепте жылдам әрекет етуге тырысады.
Білуімше, Дастан біздің құрамаға қарсы өнер көрсетпейді. Алайда, бұл футболшы тура ғаламшар! Дастан - екінші Ламин Ямаль!», - деді В. Громыко.
Дастан Сәтпаев биыл ҚПЛ-де 12 ойында 8 гол мен 3 ассисттің авторы атанды. Шабуылшы ұлттық команда сапында 2 кездесуде өнер көрсеткен болатын (ӘЧ іріктеуінде Уэльс пен Лихтенштейнге қарсы).
Біздің серіктес: FONBET