«Астана» бапкерін ауыстырмақ

02.08.2020, 15:50
Билек «Астана» сапында 3 қана ойын өткізді. Ауыстыруға не себеп болды екен?
«Астана» бапкерін ауыстырмақ

Ресейлік Дмитрий Парфенов "Астананың" бас бапкері болуы мүмкін, деп хабарлайды Metaratings.ru.

Дереккөздің хабарлауынша, Қазақстан чемпионы 45 жастағы бапкерге үлкен қызығушылық танытып, оған ұсыныс жасауға дайын. Келіссөздер келесі аптада өтеді деп хабарлануда. Бұған дейін Парфеновке үміткерлердің арасында Ресейдің Премьер-лигасынан шығып қалған «Крылья Советов» және «Оренбург» аталып келген болатын.

Маманның өзі шілдеде «Урал» командасынан Ресей кубогының жартылай финалында «Химкиден» (1:3) жеңілгеннен кейін жұмыстан кетті. Оның басшылығымен өткен маусымда команда кубоктың финалына жетті, ал РПЛ-да олар 10 және 11-ші орындарды иеленді.

"Уралдан" бұрын Парфенов 2018 жылы Ресей кубогын жеңіп алған «Тосно» командасын жаттықтырған. Футболшы ретінде ол мәскеулік «Спартак» пен «Динамо», «Черноморец», «Днепр», «Арсенал» және Украина ұлттық құрамаларындағы ойындарымен танымал.

Естеріңізге сала кетейік, қаңтар айынан бастап «Астананы» Михал Билек баптайды. Билек клубтағы жұмысын Қазақстан құрамасының бас бапкері лауазымымен үйлестіріп жүр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×