Иммобиле ең үздік сұрмерген атанды

02.08.2020, 05:16
«Алтын доптан» айырылған Левандовскиге бұл жағдай ауыр тиетін болды. Енді бар үміт Чемпиондар Лигасында.
Иммобиле ең үздік сұрмерген атанды

"Лацио" шабуылшысы Чиро Иммобиле қазіргі Италия чемпионатында 36 гол соғып, 2019/2020 маусымдағы Топ-5 лиганың үздік сұрмергені атанды.

31 гол соққан Криштиану Роналду Италия біріншілігіндегі «Ювентустың» «Ромаға» қарсы өтетін матчына шақыртылған жоқ. Осылайша, Иммобилені бұл жарыста жеңе алатын ойыншылар қалмады. Ең жақын бәсекелесі - «Интер» шаьуылшысы Ромелу Лукаку. Бельгиялық шабуылшының еншісінде 23 гол бар.

Айта кетейік, осы маусымдағы матчтарда 34 голды «Бавария» шабуылшысы Роберт Левандовски соқты, бірақ Германия чемпионаты аяқталып қалды. Осылайша, Иммобиле "Алтын Бутсаны" жеңіп алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×