"Астана" биыл жүлдесіз қалады

Мұқашұлы Мұрат
Мұқашұлы Мұрат
Бас редактор
19.05.2024, 08:41

Елордалықтардың кешегі ойынынан кейін осындай ой түйдік

"Астана" биыл жүлдесіз қалады
"Атырау" - "Астана" кездесуі

"Атырау" да оңай шағылатын жаңғақ емес, әрине. Кішігірім Беларусия құрамасы дерсің "мұнайшылар" командасын. Былтыр да Григорий Бабаянның шәкірттерінен сескенбеген "Атырау" 2024 жылғы маусымда да "Астанаң" авторитет емес деп тұр. Бір қызығы, елордалық клуб бас бапкерінің матч соңынан айтқаны:- Соншама көп мүмкіндік жасай отырып, 100 пайыздық голдарды сала алмаймыз, бұл бір қырсық болды",- депті. Бірақ кездесу соңындағы статистикаға көз жүгіртсек, қонақтардың "Атырау" қақпасына дәл бағытталған соққысы деген бағанында 0 деген санды көрдік. Сонда, Григорий Бабаян жүз пайыз мүмкіндіктерді қайдан көріп отыр. Нонсенс! 

Григорий Бабаян, "Астана" ФК бас бапкері; 

"Бірінші тайм тең болды, бір ғана айтарлығы - олар стандартты жағдайдан есеп ашты. Екінші тайм толық біздің үстемдігімізбен өткен, қарсыласты өз қақпасына қамап қойдық, бірақ өкінішке қарай, соншама көп мүмкіндік жасай отырып, 100 пайыздық голдарды сала алмаймыз, бұл бір қырсық болды. 

Сонымен, 9-турда азуы кетілген  "Астананы" ұтқан алаң иелері ұпай санын онға жеткізді. Ал елордалық ұжым 12  ұпайымен дәл осы "мұнайшылардан" бір саты жоғары - жетінші орынға жайғасқан. Кешегі кездесуде алаң иелеріне жеңіс пен 3 ұпай сыйлаған допты ойынның 28-минутында Николай Сигневич соқты

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 1
Серіктес жаңалықтары
×