Самородовқа Ресей клубы қызығып отыр

19.05.2024, 00:57

“Ақтөбе” ойыншысы Максим Самородов мәскеулік “Локомотив” сапын толықтыруы мүмкін.

Самородовқа Ресей клубы қызығып отыр

“Теміржолшылар” футболшының ойынын зерттей келе, “Ақтөбенің” бапкерлік штабынан Самородов жайлы сұрастырған. ҚПЛ осы маусымында 7 ойында 4 гол мен 2 голдық пас берген вингер ресейлік ұжымның шабуыл шебін күшейтетіндей қауқары бар. Қазірде “Локомотивтің” сапында 6 шабуылшының тек 2 ғана матчтарға шығып жүр. Алайда  Сергей Пиняев пен Тимур Сулейманов нәтижелі әрекеттерімен тұрақты түрде өз командасын қуанта алмауда. Міне сондықтанда Максимнің нұсқасы ресейлік ұжымның оң жамбасына келіп отыр.

Еуропа чемпионатының іріктеуінде ел намысын қорғауда ерекше көзге түскен Самородовқа турнирден кейін аустриялық “Рапид” командасы ұсыныс жасаған болатын. Алайда Максим “Ақтөбеде” қаламын деп шешім қабылдады. 

Трансфермаркет вингерді 900 мың еуроға бағалайды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 17
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Масқара 0

Тегтер:

футбол Ақтөбе
Серіктес жаңалықтары
×