Бразилиялық жартылай қорғаушы Брайан Гарсия «Астана» ойыншысы атануы мүмкін, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.
29 жастағы жартылай қорғаушы 2021 жылғы маусымда «Атырау» сапында өнер көрсетті. Тәжірибелі бразилиялық ойыншы өз командасының көшбасшысы бола білді. Жалпы 25 матчқа қатысып, 5 гол мен 4 нәтижелі пастың авторы атанды. Маусым соңында ойыншы ҚКФЛ нұсқасы бойынша 2021 жылғы маусымның символикалық құрамына енді.
Бұған дейін Брайан еркін агент атанғанын және қазақстандық клубтардан ұсыныстар бар екенін айтқан болатын.