«Атырау» «Каспий» ойыншысымен келісім-шартқа отырады

30.12.2021, 02:04
Футболшы «Каспийде» туындаған қаржылық мәселелерге байланысты командадан кетпек.
«Атырау» «Каспий» ойыншысымен келісім-шартқа отырады

Ақтаулық «Каспийдің» қорғаушысы Амандық Нәбиханов «Атырауға» ауысуға жақын, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.

«Атырауда» басшылық ауысқан соң, құрамды жасақтаумен Eurasian Sport Management футбол агенттігі айналысатын болады.

«Атырауға» алғаш келетіндердің бірі агенттіктің клиенті Амандық Нәбиханов болуы мүмкін.

24 жастағы футболшы «Каспий» клубының түлегі және бұған дейін тек ақтаулық клубта ойнаған. Өткен маусымда Амандық 23 ойынға қатысып, бір нәтижелі пас берді.

Футболшы «Каспийде» туындаған қаржылық мәселелерге байланысты командадан кетуі мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×