Елордалық "Астана" Премьер-лиганың 9-турында Қарағандылық "Шахтермен" тең ойнап қалды.
Матч Сегізбаев атындағы стадионда өтіп, 1-1 есебімен аяқталды.
Алғашқы голды тек екінші таймда көрдік. 63-минутта "Астана" шабуылшысы Пьерос Сотириу есеп ашты. 71-минутта Айдос Тәттібаев таразы басын теңестірді.
Екі ұпайдан айырылған "Астана" 15 ұпаймен екінші орында тұр. Ал Қарағандылық ұжым 12 ұпаймен жетінші орынға тұрақтады.
Біздің серіктес: FONBET