«Барселона» футболшысы «Вулверхэмптон» клубына ауысуға жақын

20.09.2020, 22:44
«Вулверхэмптон» Диогу Жотаны сатты, Нельсон Семедуды алмақшы. Екеуі де португалиялық ойыншы.
«Барселона» футболшысы «Вулверхэмптон» клубына ауысуға жақын

«Вулверхэмптон» «Барселонаның» қорғаушысы Нельсон Семедуды сатып алуға жақын, деп хабарлады италиялық журналист Фабрицио Романо.

Дереккөздің хабарлауынша, 19 қыркүйекте «қасқырлар» "Барселонаға" ойыншыны сатып алу туралы жаңа ұсыныс жасаған, каталондық клуб бұл ұсынысты қабылдады.

Романоның айтуынша, алдағы бірнеше сағат ішінде Семеду «Вулверхемптонға», ал жартылай қорғаушы Артуро Видаль «Интерге» сатылады.

26 жастағы қорғаушы 2017 жылдың жазында "Бенфикадан" "Барселонаға" ауысқан болатын. Трансфер құны 35,7 миллион еуроны құрады. 2019/2020 маусымда Семеду барлық турнирлерде 40 матч өткізіп, бір голдың авторы атанды және алты нәтижелі пас берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×