«Ордабасы» мен «Қайсар» жеңімпазды анықтай алмады

21.09.2020, 00:57
«Ордабасы» мен «Қайсар» жеңімпазды анықтай алмады

Шымкенттік "Ордабасы" Премьер-лиганың 9-турында Қызылордалық "Қайсармен" тең түсті.

Кездесу Алматыдағы Орталық стадионда өтіп, 1:1 есебімен аяқталды.

"Ордабасы" шабуылшысы Жоао Пауло 24-минутта командасын алға шығарды. Екінші тайм бастала салысымен "Қайсар" есепті теңестірді. Гол авторы - Режиналдо.

Бұл ойыннан кейін Шымкенттік ұжым 14 ұпаймен үшінші орынға көтерілді. "Қайсарда" да 14 ұпай бар. Бірақ команда доп айырмашылығы бойынша төртінші орында тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×