Харри Кейн тарихи рекорд орнатты

21.09.2020, 02:14
Кейн Сонға 4 нәтижелі пас шығарып берді.

Англия Премьер-лигасының 2-туры матчында «Саутгемптон» өз алаңында «Тоттенхэм Хотспурды» қабылдады. Кездесу Саутгемптондағы "Сент-Мэри" стадионында өтіп, 5:2 есебімен қонақтардың пайдасына аяқталды.

Бұл кездесуде шабуылшы Сон Хын Мин покер жасады. Кореялық ойыншының төрт гол соғуына Харри Кейн көмектесті. Осылайша, ойыншылар премьер-лиганың тарихи рекордын орнатты, деп хабарлайды Opta Sport.

Кездесудің 32-минутында «Саутгемптон» шабуылшысы Дэнни Ингс есеп ашты. Бірінші таймның қосымша уақытында Сон Хын Мин таразы басын теңестірді. Екінші таймның басында, 47-минутта, Сон дубль жасап, «Тоттенхэмді» алға шығарды. 64-минутта кореялық ойыншы тағы да "Саутгемптон" қақпашысының осал тұсын таба алды. 73-ші минутта шабуылшы покер жасады. 9 минуттан кейін "Тоттенхэмнің" бесінші голын шабуылшы Харри Кейн соқты. Кездесу соңында 89-минутта Ингс пенальтиді сәтті орындап, псепті қысқартты.

«Тоттенхэм» Англия чемпионатының келесі турында «Ньюкасл Юнайтедпен», ал «Саутгемптон» «Бернли» командасымен кездеседі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×