Премьер-лигадағы ең қымбат ойыншылардың тізімі жарияланды

21.09.2020, 14:56
Бұл тізімде қазақстандық ойыншылар да бар екен.
Премьер-лигадағы ең қымбат ойыншылардың тізімі жарияланды

Қазақстан Премьер-лигасындағы қымбат ойыншылардың тізімі жарияланды.

Сонымен, Transfermarkt мәліметтері бойынша, «Қайратта» ойнайтын Польша құрамасының ойыншысы Яцек Гуральски көш бастады. Оның нарықтық құны қазіргі уақытта 2,5 миллион еуроға бағаланады.

Екінші орынды «Қайраттың» тағы бір футболшысы украиналық Адеринсола Эсеола иеленді - 2,2 миллион еуро. «Астана» сапында ойнайтын Марин Томасов үшінші орынға түсті. Оның трансфер құны 2 миллион еуроға дейін төмендеді.

ҚПЛ-дың ең қымбат 10 футболшысы:

1. Яцек Гуральский ("Қайрат", Польша) - 2,5 миллион еуро;

2. Адеринсола Эсеола ("Қайрат", Украина) - 2,2 миллион еуро;

3. Марин Томасов ("Астана", Хорватия) - 2 миллион еуро;

4-5. Раде Дугалич ("Қайрат", Сербия) - 1,8 млн еуро;

4-5. Дмитрий Шомко ("Астана", Қазақстан) - 1,8 миллион еуро;

6-8. Дорин Ротариу ("Астана", Румыния) - 1,7 миллион еуро;

6-8. Пьерос Сотириу ("Астана", Кипр) - 1,7 миллион еуро;

6-8. Дино Миканович ("Қайрат", Хорватия) - 1,7 миллион еуро;

9-12. Стас Покатилов ("Қайрат", Қазақстан) - 1,5 миллион еуро;

9-12. Роман Муртазаев ("Тобыл", Қазақстан) - 1,5 миллион еуро;

9-12. Нұралы Әліп ("Қайрат", Қазақстан) - 1,5 миллион еуро;

9-12. Тигран Барсегян ("Астана", Армения) - 1,5 миллион еуро.

Томасов бірнеше маусым бойы рейтингтің көшбасшысы болғанын және оның трансферлік құны 3,8 миллионнан 2 миллион еуроға дейін төмендегенін атап өткен жөн.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×