Суарес «Ювентусқа» ауыспайды

21.09.2020, 17:36
Суарес те Месси секілді бір жыл күтпекші.
Суарес «Ювентусқа» ауыспайды

«Ювентустың» спорт директоры Фабио Паратичи клуб енді «Барселона» шабуылшысы Луис Суаресті сатып алу туралы ойланбайтынын айтты.

«Суарес енді біздің тізімімізде жоқ. Ол «Ювентустың» мақсаты емес. Жазғы трансферлік терезе қажетті құжаттардың болмауына байланысты біздің оны алуға мүмкіндігіміз болмады. Ол біздің клубқа ауысуға жақын еді, бірақ олай болмады», - деді Паратичи.

33 жастағы уругвайлық шабуылшы «Барселона» сапында 2014 жылдан бері ойнайды. Оның каталондық клубпен келісімшарты 2021 жылдың жазына дейін жасалған. Өткен маусымда Суарес «Барселона» үшін 36 матч өткізіп, 21 гол соғып, 10 нәтижелі пас берген. Оның нарықтық құны 28 миллион еуроға бағаланып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×