«Астана» Черногория құрамасының шабуылшысын қатарға қосты

11.07.2021, 04:26
Шабуылшы елордалық клубқа еркін агент ретінде қосылады.
«Астана» Черногория құрамасының шабуылшысын қатарға қосты

Черногория құрамасының 33 жастағы шабуылшысы Фатос Бечирай "Астана" клубымен келісім-шарт жасасты. Бұл жайлы Meta-ratings.kz сайты хабарлады.

Шабуылшы бұған дейін Динамо "Загреб", "Динамо Минск" және "Динамо Мәскеу" клубтарында өнер көрсеткен. Сондай-ақ польшалық "Висла" сапында қазақстандық футболшы Георгий Жуковпен бірге ойнады.

Бечирай - Черногория құрамасында ең көп матч өткізген футболшы (80 ойын).

Фатос «Астанада» 20-нөмірмен ойнайтын болады..

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×