«Қайсар» екінші құраммен ойнаған «Астананы» жеңе алмады

11.07.2021, 04:57
Тихонов аптап ыстықта негізгі ойыншыларын ойнатқысы келмеді.
«Қайсар» екінші құраммен ойнаған «Астананы» жеңе алмады

"Қайсар" Қазақстан Кубогінің алғашқы турында "Астананы" қабылдады. Матч Қызылордадағы Ғани Мұратбаев атындағы стадионда өтіп, 0:0 есебімен аяқталды.

Елордалық клуб бұл ойынға тек жастарды шығарды. Негізгі құрамдағы ойыншылардан тек Исламбек Қуат пен Роман Мұртазаев қана алаңға шықты.

Бір ұпайды қанағат тұтқан қызылордалық клуб С тобында бірінші орынға шықты. Андрей Тихонов шәкірттері бір саты төменде тұр. Ертең турнирлік кестеде өзгеріс орын алуы мүмкін. Себебі бұл топта "Ақтөбе" мен "Ақжайық" командалары да күш сынасады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×