“Астана” ФК Марин Томасовқа естелік жейдесін сыйға тартты

Елордалық ұжым хорватиялық Марин Томасовтың командадағы ерекше нәтижесіне тоқталды. 

“Астана” ФК Марин Томасовқа естелік жейдесін сыйға тартты

“Тобылға” қарсы ҚПЛ 5-тур кездесуінде 1 голдық нәтижесімен көзге түскен Марин Томасов елордалық команда сапындағы 100 голын тіркеді. Соған орай, “Астана” өз легионеріне тарихи көрсеткішті еске түсірер естелік жейдесін сыйға тартты. 

Хорватиялық хавбек “Астана” командасында 2017 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Жалпы 100 голдық нәтижені тіркеу үшін Томасовқа барлығы 237 ойын қажет болды. 

Айта кетейік, сонау 2013 жылы Томасов Хорватия құрамасында 1 ойын өткізіп үлгерген. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×