“Астана” телеарнасы Лига Кубогының жеребе тарту рәсімін тікелей эфирде көрсететін болды

25.04.2024, 22:29

Ертең, сағат 14:45-те “Астана” телеарнасының тікелей эфирінде Лига Кубогының жеребе тарту рәсімі көрсетіледі, деп жазады Aladop.kz.

“Астана” телеарнасы Лига Кубогының жеребе тарту рәсімін тікелей эфирде көрсететін болды

Жалпы жеребеде 16 команда болады. Оның 13 ҚПЛ болса, қалған 3 Бірінші лигадан ("Каспий", "Тараз", "Ақжайық"). Айта кетейік, Лига кубогыне таласқан ұжымдар 4 топқа бөлініп, алдағы уақытта кім мықтыны анықтайтын болады. Ұжымдар арасынан дараланып шыққан 4 ұжым турнирдің жартылай финалына бірден жолдама алады. Жартылай финал ойындарының талаптарына сәйкес, үздік атанған клубтар өз және сырт алаң матчтарын қабылдайды. Бұл кезеңнен сүрінбей өткен қос жеңімпаз команда финалда бас жүлдеге талас жүргізеді. Жалпы Лига Кубогының биылғы жүлде қоры 450 млн теңгені құрап отыр.

Турнир 25 мамырда өз бастауын алады деп жоспарланған.

Айта кету керек, ертеңгі жеребе тарту рәсімін Қазақстанның 6 дүркін чемпионы Самат Смақов жүргізеді. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0

Тегтер:

футбол
Серіктес жаңалықтары
×