Адиевтің "Ахматы" қатарынан екінші жеңісіне жетті

Мұқашұлы Мұрат
Мұқашұлы Мұрат
Бас редактор
26.04.2024, 08:01

Кеше РПЛ-дің 21-турында Грозныйлық "Ахмат" "Сочи" командасын қабылдады.

Адиевтің "Ахматы" қатарынан екінші жеңісіне жетті
Магомед Адиев "Ахмат" - "Сочи" кездесуінде

Алаң иелерінің сапында Лечи Садулаев салған гол (30-мин) Магомед Адиевтің командасына жеңіс сыйлаған болатын. Бір айта кетерлігі, қарсыластың бас бапкері Роберт Морено матч алдында 14 футболшының уланып қалғаны жайлы мәлімдеме жасап, шағымданған еді. Алайда, кездесу бәрібір жоспарланған уақытта өткізілді. Сонымен, осы ойындағы 3 ұпайдың арқасында "Ахмат" 12-сатыға көтерілді. Бұл - Магомед Адиевтің РПЛ-гі қатарынан екінші турдағы жеңісі. Өткен жолы сырт алаңда "ЦСКАДАН" басым түскен (1:2). Айта кетейік, Магомед Адиев Грозныйлық клуб тізгінін 5-сәуірде ұстады. Ресейлік маман "Ахмат" пен Қазақстан құрамасын қатар жаттықтыра бермек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×