Магомед Адиев: Біз әлі аяғына нық тұрмаған командамыз

Мұқашұлы Мұрат
Мұқашұлы Мұрат
Бас редактор
26.04.2024, 09:16

Грозныйдың "Ахмат" клубы кеше РПЛ-дің 21-туры аясында өз алаңында "Сочиді" ұтып, турнирлік кестедегі жағдайын жақсарта түсті.

Магомед Адиев: Біз әлі аяғына нық тұрмаған командамыз
Магомед Адиев команданың жаттығу барысында

1:0 есебімен аяқталған матчтағы голдың авторы Лечи Садулаев (30-мин). 

"Дәл осындай матчты күткенбіз. Екі күн бұрын қиын кездесу күтіп тұрғанын және жеңіске төзімі жеткен команда жетерін айтқам. Ойын барысында біз үшін қиын сәттердің боларын білдім. Біз әлі аяғына нық тұрмаған командамыз. Бізде кездесу барысында белгілі бір дағдарыс болып тұрады мен оны болжап, қандай жағдай болмасын шашылып қалмау керектігін айттым футболшыларға. Құрылым тұрғысынан дайын болуымыз қажет. Әрбір жеңіс сенімділік береді, сондықтан өте қуаныштымыз",- деді М. Адиев ойын соңында. Естеріңізде болса, Магомед Адиев Грозныйлық клуб пен Қазақстан құрамасын қатар жаттықтырып келеді. РПЛ-ге барғалы бері ресейлік маман  "Ахматпен" екі турда жеңіліс тауып, соңғы екі кездесуде 6 ұпай еншіледі. Грозныйлық команда кеше турнирлік кестеде 12-сатыға көтерілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×