Клод Макелеле Ақтөбеге келді

Мұқашұлы Мұрат
Мұқашұлы Мұрат
Бас редактор
26.04.2024, 10:04

Франция ұлттық құрамасы мен «Челсидің» аңызы Клод Макелеле Ақтөбе облысында құрылған қоғамдық штаб өкілдерімен бірге Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің жатақханасындағы уақытша орналастыру пунктіне барып, су тасқынынан зардап шеккен отбасылармен кездесіп, жағдайларымен танысты.

Клод Макелеле Ақтөбеге келді
(Клод Макелеленің доп сыйлап тұрған сәті)

Сондай-ақ, Макелеле жатақханадағы отбасылардың балаларына естелік ретінде қолтаңбасы бар доп сыйлап, болашағын футболмен байланыстарын жастарға ақыл-кеңесін айтты. Атақты спортшы футболдың қыр-сыры, әдіс-тәсілдері мен табысқа жету жолдары, өмірлік тәжірибесі жайында айтып берді. Кездесу соңында құрметті қонақ ақтөбелік жастарға болашақта үлкен футбол жұлдызы болыңдар деген тілегін білдірген болатын. Айта кетейік, әйгілі футболшы Ақтөбе қаласына «Super bol» - таланттарды таңдауға арналған шараның құрметті қонағы ретінде келген. Бұл жобаның мақсаты – әуесқой спортшыларды кәсіпқой футбол деңгейіне дейін көтеру.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×