«Астана» футболшылары вакцинаның алғашқы дозасын алды

06.05.2021, 02:57
Футболшылар вакцинаны Нұр-Сұлтан қаласындағы медициналық мекемелерінің бірінде салдыртты.
«Астана» футболшылары вакцинаның алғашқы дозасын алды

Вакцинация бойынша мемлекет бастамасын қолдау аясында «Астана» футбол клубының футболшылары мен қызметкерлері ерікті түрде екпе салдыртты.

Осылайша «Астана» клубының негізгі құрамының футболшылары мен бапкерлер штабы короновирусқа қарсы екпенің алғашқы дозасын алды.




Айта кету керек, елордалық футболшылар «Спутник V» вакцинасын Нұр-Сұлтан қаласындағы медициналық мекемелерінің бірінде салдыртты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×