
Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасының бұрынғы шабуылшысы Сергей Пацай ҚР мемлекет қазынасынан шетелдік спортшыларды және бапкерлерді қаржыландыру заңның қабылдануы жайлы өз пікірін Legalbet.kz сайтына білдірді, деп хабарлайды AlaDop.kz сайты.
«Өте қиын сұрақ, бірақ, мен оған жауап беруге тырысамын. Иә, ҚПЛ ойындарын күн сайын көремін және сол жақта ойнап жүрген легионерлерді көремін. Менің ойымша, «Астана», «Қайрат» және «Ақтөбеде» ойнайтын легионерлерден басқалары, өз клубтарының «сапа/құны» деген ұғымға сай емес. Сол үшін де, басқа клубтардағы біздің қазақстандық ойыншылар (жоғарыда айтып өткен клубтардан басқалары) әрі қарай дамып, өседі деген ойдамын. Ал, бұл клубтар ойыншылар жинау кезінде, өте дұрыс жұмыс істейді деген сенімдемін, өйткені олар Қазақстанның намысын еурокубокте қорғайды. Бұл дегеніміз - мемлекеттің абыройы» деп футболшы өз ойын қорытындылады.
16 маусымнан бастап, Қазақстанда шетелдік спортшыларды қаржыландыру жайлы жаңа заң іске қосылды. Ендігі легионерлер мемлекеттік және ұлттық қорлардан жалақы ала алмайды.
Біздің серіктес: FONBET