
Мохаммед Салах командаласы Диогу Жотаның қайғылы қазасынан кейін демалысын қысқартып, Англияға мерзімінен бұрын оралуға шешім қабылдады, деп хабарлайды Мысырлық Yallakora басылымы.
"Ливерпуль" ойыншысы Диогу Жота бейсенбі күні інісімен бірге жол апатынан қаза тапты. Lamborghini көлігі Испанияның Замора маңындағы A-52 тас жолында басқа көлікті басып озу кезінде дөңгелегі жарылып, жолдан шығып кетіп, аударылып, өртеніп кеткен. Құтқарушылар Жота мен оның інісі, 26 жастағы Андре Силваны аман алып қала алмады. Андре Португалияның екінші дивизионындағы "Пенафиел" клубында ойнаған.
Жергілікті БАҚ мәліметінше, Жотаға жуырда жасалған өкпе операциясынан кейін ұшақпен ұшуға болмайды деп кеңес берілген соң, олар ағайынды екеуі Ұлыбританияға пароммен жету үшін Сантандерге жол тартқан.
"Ливерпуль" командасы сейсенбі күні маусым алдындағы дайындықты бастайды. Осыған байланысты Жота інісімен бірге жолға шығып, Ұлыбританияға оралмақ болған.
Біздің серіктес: FONBET