
Криштиану Роналду "Ливерпульдің" 28 жастағы ойыншысы Диогу Жотаның қазасынан кейін қайғыра көңіл айтты. Жота мен оның інісі Андре Силва шілденің 3-і күні Испанияда орын алған жол апатынан көз жұмды.
Испаниялық полиция "автокөлік алдыңғы көлікті басып озбақ болғанда, дөңгелектің жарылып кетуі салдарынан жолдан шығып кеткен" деп хабарлады. Апат салдарынан Lamborghini көлігі түгелге жуық жанып кеткен. Диогу мен Андре оқиға орнында қаза тапты.
Жота маусым айының соңында сүйіктісі Руте Кардозомен үйленген болатын, бұл жайлы Роналду өз жазбасында атап өтті.
"Бұл ақылға қонымсыз… Жақында ғана ұлттық құрамада бірге болдық. Жақында ғана үйленген едің.” – деп жазды Роналду өзінің X парақшасында. Бұл жазба бірнеше сағаттың ішінде 17 миллионнан астам қаралым жинады.
"Сенің отбасыңа, жарыңа және балаларыңа көңіл айтамын, оларға бар күш-жігер тілеймін. Сен әрдайым олардың жанында боласың. Жандарың жай тапсын, Диогу мен Андре. Біз сендерді сағынатын боламыз.” – деп жалғастырды Роналду.
Біздің серіктес: FONBET