
“Астана” жаңа ірі демеушімен келісімшартқа қол қоюға жақын. Бұл келісім клубты қаржылық дағдарыстан құтқаруы мүмкін.
Тотальный футбол телеграм арнасының хабарлауынша, “Астана” футбол клубы ірі серіктес компаниямен демеушілік келісімге келіп жатыр. Бұл туралы ресми ақпарат жақын күндері жарияланбақ.
Сондай-ақ клуб құрамды күшейтуді жоспарлап отыр. Жақын арада Швециядан келген шабуылшымен келісімшартқа қол қойылады деп күтілуде. Трансфердің нақты егжей-тегжейі әзірге жарияланбаған, бірақ жақын уақытта толық ақпарат шығарылады.
Бұған дейін “Астана” клубының бас директоры елордалық команданың қазіргі қиындықтары жайлы айтып, клубтың жабылуы туралы тарап жатқан қауесеттерге түсініктеме берген болатын.
Біздің серіктес: FONBET